Вокзалда қауышқан қыз атты тамаша туындысымен көптеген тыңдарманның жүрегін жаулап алған Серік Ибрагимов енді Махаббатым деген тың шығармасымен де бір қуантып тастады. Жаңадан түсірілген бейнебаянның сюжеті белгісіз бір кафедегі даяшылардың сезімімен суреттеледі. Әріптестердің арасындағы махаббат тек амандасумен шектелсе де, өзінің сүйген аруын аяққа таптатпас үшін сері жігіт барын салады. Соңында әлгі ару өзге біреудің ұсынысын қабылдап, жұмыстағы достарына шақыру қағазын таратады. Күйінген азаматтың ары қарай не істейтінін видеодан тамашалаңыздар.