Серік Ибрагимов – Кел маған

"Вокзалда қауышқан қыз" әнімен хит болған Серік Ибрагимов "Кел маған" деп тағы бір бейнебаянын жарыққа шығарды. Өзіндік ырғағымен өнер саласынан орын алған саксафоншының танымалдығы тағы да арта түсуде. Жұлдыздардың арасында қазақстандық Александр Рыбак атанған жігіттің жаңа жұмысы қалай болғанын бірге тамашалайық.