Sahar - Жаңбыр
Алматының құбылмалы ауа райы адамдардың қандай киіммен жүру керектігін болжай алмайтындай жағдайда қалдыруда. Түске дейін күн шығып, мамыражай маусымның арайлы таңының атқанын байқасаңыз, түс ауа ақ жауынның себелеп, айналаның жаңбыр суына малынып тұрған сәтін байқауға болады. Біраз уақыттан бері осындай құбылыстың болып жатқанын байқаған қала тұрғындары қолшатырды қолтыққа қысуды әдетке айналдыра бастады. Мұндай керемет әсерді байқаған Sahar "Жаңбыр" деп, ән де шырқаған екен. Алматының бұлтты мезгілінде түсірілген бейнебаян көңіліңізге керемет әсер сыйлайтыны сөзсіз.