Қазақ эстрадасына енді ғана бет бұрған Руслан Әмір жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Астананың көрікті жерлерін ұнатқан сұлуымен бірге кезген әнші қызықты сәттерін көріністеріне арқау еткен. Бейнеклипті көрген көпшіліктің бірқатары жақсы жағын айтып хитке айналатынын сөз етсе, енді бір тобы жеңілдігі мен мағынасы жоқ екенін алға тартуда. Русланның жаңа дүниесін тамашалап, қос тараптың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін өздеріңіз саралап көріңіздер.