Естелік боп күн қалды кешегі өткен
Біздің жаққа кеп кетті неше көктем.
Сіз хабарсыз кеттіңіз не себептен
Ұмытсын деп жүрсіз бе, ұмытпадым.
Ән салайын,
Өшпес күннің жаңғыртып жан сарайын.
Сезіміммен әлемге жар салайын.
Сағынышпен әр таңды қарсы алайын,
Қарсы алайын сізді күтумен.
Қайта айналып бағыма келгелі күз
Жүрегіме бір маза бермедіңіз.
Ұмытсын деп тағы да келмедіңіз
Ұмытсам деп тырыстым, ұмытпадым.
Ән салайын,
Өшпес күннің жаңғыртып жан сарайын.
Сезіміммен әлемге жар салайын.
Сағынышпен әр таңды қарсы алайын,
Қарсы алайын сізді күтумен.
Ән салайын,
Өшпес күннің жаңғыртып жан сарайын.
Сезіміммен әлемге жар салайын.
Сағынышпен әр таңды қарсы алайын,
Қарсы алайын сізді күтумен.