Роза Әлқожа – Каспий

Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі қарт Каспий десек қателеспейміз. Жағасына аққу қондырған ұлы мекен талай ақынның жырына да арқау болған. Осы бір тамаша өлкеге барып жаңа бейнебаянын түсірген танымал әнші Роза Әлқожаның "Каспий" атты клипін назарларыңызға ұсынамыз. Теңіздің кереметін әнмен жеткізген әншінің сыңғырлаған үнін тыңдап, керемет көріністеріне куә болыңыздар.