Renzo - Baqytty bolshy
Асқар:
Жүрегімде не болып жүргенін кім біледі?
Аз жиып жүремін,
Қылып өзіңді әуре болмай қойшы,
Түсінбейсің.
Сөйлемей-ақ тіпті көркем, маған ұнайды,
Жымиған бетіндегі тәтті нүктелер де,
Бәрібір де түсінбейсің.
Дәулет:
Қанша ұят болса да, ессіз сағынамын,
Осындай ма ғашық болудың мәні?
Мен білмеймін...
Түсінбеймін...
Алыстаған сайын шақырымға әрбір,
Алдымдағы уайым шақырады тағы,
Неге олай?
Түсінбеймін.
Ержан:
Бақытты болшы!
Менің саған тілейтінім.
Бақытты болшы!
Сен соған лайықтысың.
Асқар:
Тұңғиықтың құшағына жүрек сөгіле,
Ұйқысыз түндерде,
Қылып өзіңді әуре болмай қойшы,
Түсінбейсің.
Сөйлемей-ақ тіпті, сезген маған ұнайды,
Ренжулі күйіндегі ерке мінезіңді,
Бәрібір де түсінбейсің.
Есет:
Қанша ұят болса да, ессіз жасырамын,
Осындай ма жалғыз болудың мәні?
Мен білмеймін...
Түсінбеймін...
Алыстаған сайын шақырымға әрбір,
Алдымдағы жаңа өмір шақырады,
Уақыт кімге?
Түсінесің.