Райымбек Сатыбалды feat Нұржан Керменбаев - Өмір сынағы

Уақыт өтеді
Ұзап көзге алыс
Бақыт келіп, кетер
Өмір қозғалыс

Тәтті өмір ай
Балданда
Жалған ойға көңіл ай
Алданба
Үміт артсаң таңдарға
Жалғанда
Жетелейді арманға
Өмір ай

Қ/сы: Өмір сынағы
Сабырыңның өлшемі
Сансыз сұрағы
Заңғар таудай еңселі
Төзіп шыдасаң
Биік ұстап еңсені
Сөнбес шырағың
Адастырмас жол сені

Бұл өмір сынақ
Сағанда маған
Ертеңіңді ойлап
Алаңдамағын

Өзгеріп тұрар
Бұл жалған
Бірде шаттық бірде мұң
Шыңдардан
Құлатады күндерің
Өмірге
Жылау үшін келмедің
Өткінші



Бөлісу: