Сұлулардың құрығына түсіп қана қоймай, одан сытылып шығып кететін жігіттер де жетерлік. Тіпті алдағанымен қоса қолындағы барынан алып ізім-ғайым жоқ болып жататын жайттар да кезедеседі. Раш Тохтахуновтың Қыздар қандай керемет атты жаңа туындысы дәл осы сюжетті ел назарына көрсетеді. Ұрланған заттарды өткізіп, жинаған қаржысына балалар үйінің бүлдіршіндерін қуантқан әнші, соңында құқық қорғау қызметінде жүрген сұлудың жүрегін өзінің жасаған жақсылығымен жаулап алады. Көңілді әнмен тамаша көріністерге бай клипті тамашалаңыздар.