Рахымжан Жақайым - Солай да солай

Солай да солай қарағым

Жаным-ау күндей көркем дидарың,
Бағым-ау алаулап тұр күй жалын.
Таным-ау жан нұрың болып күй берем,
Барым-ау мені мәңгі сүй жаным.

[Қайырмасы]
Солай да солай қарағым,
Көңіліңді қалай табамын?
Шынайы сезім жанған соң,
От болып жанып барамын.
Мөп-мөлдір тұнық жанарың,
Көз алмай тағы қарадым.
Мың сұлу қыздың ішінен,
Бір сені қаладым.

Жаным-ау көзің қандай сүйкімді,
Жаным-ау сезім балдай сиқырлы.
Жүректе тағы тәтті күй тұнды,
Жаным-ау жүрсің ұрлап ұйқымды.

[Қайырмасы]
Солай да солай қарағым,
Көңіліңді қалай табамын?
Шынайы сезім жанған соң,
От болып жанып барамын.
Мөп-мөлдір тұнық жанарың,
Көз алмай тағы қарадым.
Мың сұлу қыздың ішінен,
Бір сені қаладым.