Бүгінде жаңа бейнебаян түсіріп, жақсы бір әуеннің кілтін тапқан өнерпаздар, жұлдыз болудың оңай тәсілін тауып алғаны жасырын емес. Асхат Тарғын чип-чип әнімен тойдың бір-ақ күнде гүліне айналса, қызымен Вокзалда қауышқан Серік Ибрагимов өзінің өнердегі пойызымен қазақ эстрадасының аялдамасында тұрақтап қалды. Ендігі кезек Рахымжан Жақайымға келген секілді. Көлік тұрағында қызын күткен жігіт, сұлудың кешіккен уақытын әнге қосып Алты жарым деп, өкпелі күйін өлең қылып шырқаған екен. Сонымен жас жұлдыздың бұл әні қаншалықты керемет шыққанына өздеріңіз баға беріңіздер.