Ораш Қадыл - Сағыныш
Тым тәтті де тым қатты махаббаттың майданынан жеңімпаз болған жандар шынымен-ақ бақытты болады. Қаншама күйзеліс, ашу, сабырсыздық, шыдамсыздық деген сынықтардан сүрінбей өткен ғашықтарға соңында бір-бірімен бақытты болу ғана қалады. Негізі қосылмаған жұптардың сөзіне сенсек, барлығы өз пікірі дұрыс екенін алға тартады. Алайда, менмендік ұлы сезімнің ары қарай ұласуына жол бермеген. Дәл осындай баянсыз махаббатты "Сағыныш" атты әнімен көрсете білген Ораш Қадыл бейнебаянында ғашықтардың қалай айырылысқанын көрсетпеген екен. Тек соңында бақытты болып жүрген жұптың орнына көңілінде қаяуы бар ару ғана жүреді.