Бабадан қалған асыл мұраны ұрпақтан ұрпаққа жалғап, ары қарай жеткізу бізге парыз. Сан ғасырдан бері сары майдай сақталып келе жатқан өткеннің өлшеусіз құдылығын жоғалтуға болмайды. Оны құрдымға кетірмей, сақтап қалу үшін, естеліктер мен аңыз әңгімелердің ауыздан-ауызға таралуы ықпал етеді. Тасқа салынған таңбалар мен папирусқа жазылған жазулар өткен күннің естеліктерінен сыр шертсе, видеомен көрсетілген көріністер, газет-журнал беттеріне жазылған түрлі ақпараттар бізден кейінгі буынға жетері анық. Осы орайда әр сала мамандары қолдан келгенінше өз таңбасын қалдыруға тырысады. Сол сияқты өнер саласында ұлттық әндерді насихаттап көненің әнін көпшілікке танытып, патриоттық әндерді естелік етіп қалдыруға ниетті Өмірқұл Айниязовтың еңбегі орасан зор екеніне көпшілік жұрт куә. Бабалар рухы деп Семсер тобымен қосыла шырқаған Өмірқұлдың өр мінезді бейнебаянын назарларыңызға ұсынамыз. Қазақы нақышта киініп, күмбірлеген домбыраның үнін қосқа тамаша бейнебаян сіздің де жүрегіңізді дір еткізері сөзсіз.