Олжас Абай & Дариға Бадыкова - Ұнаттым

Сені алғаш көргенде,
Ғажайып бір күйге ендім.
Жылы сөйлеп күлуді,
Мен өзіңнен үйрендім.

Күнде көргім келеді,
Дидарыңды әдемі.
Шақырады біздерді,
Махаббатың әлемі.

Қайырмасы

Мен сені ұнаттым,
Кетпеші жырақ тым.
Жаралы жанымды,
Тек өзің жұбаттың.

Өзіңменен өмірім,
Бағалы деп білемін.
Тапты сенен бақытты,
Менің асау жүрегім.

Жылу берді сөздерің,
Мөлдір тұның көздерің.
Өзің барда жанымда,
Керегі жоқ өзгенің.



Бөлісу: