Бала Мейрамбек Бесбаевты еске түсіретін Нұрмұхаммед Жақыптың шығармашылығы одан әрі қарыштап дамып келеді. Өзіне сай әндер жазып, тамаша клиптердің тұсауын кесіп жүрген жеткіншек енді Алдай ма көктем атты тамаша туындысын жұрт назарына ұсынған екен. Қоғамдағы болып жатқан келеңсіз оқиғаларды бейнебаян көріністерінде тізіп шыққан әншінің әуені де денеңізді шымырлатып жібереді. Барлығын сапалы әрі үлкен оймен жасағанНұрмұхаммед Жақыптың тың дүниесіне жақсы бағасын беріп жатқандар жетерлік.