Нурлан Насип - Мейли

Соңғы кездері көңілді бұзып, соңы өкінішпен аяқталатын бейнеклиптер көптеп көрсетіліп кетті. Әрқайсысының әні бөлек болғанымен, клиптің сюжеті бірдей іспетті. Сондай аянышты клиптердің бірі қырғызстандық әнші Нурлан Насиптің "Мейли" атты әніне түсірілген. Алыс жолды артқа тастап, сүйгенінің қасында болу үшін басқа жерге келген жігіттің көрген оқиғасы ойындағындай емес еді...