Нұрлан Албан - Ана
Тоғыз ай құрсағында көтеріп, өле-өлгенше бәрімізді арқалап өтетін аналарымызды Меккеге үш рет көтеріп апарсақ та қарызынан құтыла алмаймыз. Әрқашан арқа сүйер аналарыңызды бар кезінде бағалап, бар мейіріміңізді төгіңіз. Ананың аяулы алақанын аңсап жүргендер қаншама. Бүгінгі күнде көптеген адам бас қайғысын бастыға қойып, аналарына дөрекі сөйлеп, абайсызда ренжітіп алатын кездерді байқаймыз. Ананың қадірін титтей де болса ұғынсын деген оймен Нұрлан Албан "Ана" деп ән шырқап, әдемі бейнебаян түсірген екен.