Бозторғай әнімен миллиондаған адамды жылатқан Мейрамбек Бесбаевты жетімдер үйінен шықты деген қауесет бірден көпшілікке тарағаны белгілі. Оның тебірене айтқан әуеніне елжіреген жүректер, жанардан аққан жастар қаншама. Мұның барлығы өткеннің ғажап бір құбылысы болып қалды. Енді көп жылды артқа тастап жетімдер үйіне барып күй орындаған Нұржан Тәжікеновтың Сағыныш атты тамаша туындысы да әлгі кезеңді бір желпіп өткендей болды. Балалар үйіндегі аяулы жандарды көргенде өз ата-аналарының барына тәубесін айтып, құшақтап жатқандар да жеткілікті болды. Аз ғана бейнемен үлкен ой салар дүниені бір көру арқылы жүрегіңіздің елжірері сөзсіз.