Нұржан Керменбаев – Қазақ қызы

Жарасқан шашың да, қасың да

Ерекше жансың, расында.

Иманға толы жаның,

Кір шалмаған арың.

 

Мойылдай көзің, сезгенім,

Көзіндей емес өзгенің.

Күнекей ару, сенсің.

Көркем мінез, кеңсің.

 

Тимеген бояу,

Түспеген қаяу,

Бір мінсіз, жүзің шын.

Сен – аналардың ізісің,

Қазақтың ерке қызысың.

 

Қ-сы

Ахааау, айдай еркем-ай,

Балдай еркем-ай.

Ажарың қандай көркем-ай.

 

Сөз жетпес дарасың, данасың,

Даламмен тапқан жарасын.

Сымбатың менен сәнің

Тамсандырған бәрін.

Тазалық тірегің білемін

Сезімге бесік жүрегің.

Ғашықпын деу де саған

Оңай емес маған.