Нұржан Керменбаев - Әттең-әттең
Қазақтың қара баласы Нұржан Керменбаев өзінің нағыз ауылдық жігіт екенін тағы бір көрсетті. "Әттең-әттең" деп аталатын бейнебаянның негізгі сюжеті ауылдық мекенде түсірілген. Трактордың ішінде отырып, сұлу бойжеткенге көз тастаған сері, соңында арудың жұбайы бар екенін көргенде қатты қынжылады. Қыс мезгілінде түсірілген бейнебаянның енді ғана жарыққа шығуына не кедергі болғаны әзірге белгісіз. Алайда, аптап ыстықта ақ ұлпаны аңсаған жұртшылық жылы қабылдап жатыр.