Жақсы көрем, жақсы көрем,
Мейлі бола берсін қаншама сынақ,
Сен үшін көремін, бәріне беремін шыдап.
Саған сенем, саған сенем,
Сенем саған мейлі болса да мың бір сұрақ,
Болмайды бізде күдік пен бірақ.
Уәде берем, саған сенем,
Жақсы көрем.
Сенің аппақ ақ көйлегің,
Пәк сезімдей бейнесіндей
Орындалып тілегің,
Біз тұрмыз бұл кешенде.
Сен мені бақытыңа бала,
Ал мен тұрмын саған қарап.
Жаным менің, жарым менің,
Бер қолыңды, кетейік бірге екеуміз самғап,
Түрлі қызық күтуде бізді енді алдан.
Балым менің, барым менің.
Жанарында жалындағын жұлдызың жанып,
Қараңғыда адассам беретін маған жарық.
Қанша айтылған тілек бізге бол қабыл,
Бәрі бақыт тілеп, көп айтылды тағы
Қанша жақсы ниет бізге үйіп-төгет
Жақындар жатыр шын жүректен тілеп.