Нұрболат Абдуллин - Қар астындағы қызыл гүл
Қазақ елі тәуелсіздігін алып, ел болып етек жеңін жинаса да, аға буын өкілдері сонау талай жыл азабын да, ғажабын да көрген кеңестік кезеңді естен шығарған емес, шығармайды да. Олар үшін балалық шақтың әртүрлі кезеңі сол сәтпен тұспа тұс келді. Ретро әндер, бейнебаяндар, естеліктер естісе, құлағын түре тыңдап, көруге асық болып тұрады. Қазіргі жастар оны түсінбеуі мүмкін. Сол секілді, телефонсыз өмірді елестете алмайтын бүгінгі қоғамның адамдарын да, поштамен хат жіберіп, махаббаттарына адал болғандар қайдан түсінсін. Осындай ғажап уақыттың тамаша кездерін көз алдымызға елестету үшін Нұрболат Абдуллин "Қар астындағы қызыл гүл" деп, өткен күн мен бүгінді салыстыра бейнебаян түсірген екен. Әкенің сөзіне тоқтап, сүйгенінен бас тартқан ару мен өмір бақи өкініш кернеп өткен қарияның естелігінен құралған көріністі назарларыңызға ұсынамыз.