Нұр-Мұқасан – Қос Қарлығаш

Терме айтып талай жүректі дір еткізген "Нұр-Мұқасан" тобы, кейіннен эстрада қарай ойқастай бастағанын сол кездегі тыңдарман қауым жақсы біледі. Өнердің бір арнасынан екіншісіне ауысқан жігіттер талай жылдар өтсе де көпшілік алдында өз сүйкімділіктерін сақтап қала білді. Әрбір әнінің сөзінде терең мағына жататын жігіттердің шығармашылығы жемісті болды. Осыдан біраз уақыт бұрын "Қос Қарлығаш" деп әндеткен жігіттер мультфильм көрінісіндегі керемет бейнебаян ойлап шығарған болатын. Қазақстанды пойызбен аралап, әртүрлі салт-дәстүрі мен қарлығаштардың тіршілігін, сонымен қатар осы құсқа арналған оюды да клиптерінде керемет үйлестіре білген. Көңілді әуенмен сусындап, тамаша бейнебаянға куә болыңыздар.