NINETY ONE - 1DEI | Lyric Video
Кейіпкері көп өмір ойындай,
Бәріне басты рөл дайын
Менде де дәл сендегі уайым:
“Қашан өзімді сомдайм?”
Қашан өзімді сомдайм?
Өзің ғана қалмай
Бөліс мұңыңмен, айт!
Бірге бәрі оңай
Сенікі менікіндей, бұл бәле бәрімізде бірдей!
Танымайтын тәтеден жалдап алған пәтерде
Мазалаған сәттер мен армандарды дәптерге
Қайдағы диплом?
Білетін универ-ситком
Маған тиын керек, үй керек, ми керек ой толы
Сосын үйде келін сұрайд: “келіп қалды жас балам!”
Әкемнің бетін білмейм, бірақ қиялымда жақсы адам
Өмір кейде жеңіл тым, кейде тіпті зілдей
Бәленің түрлері көп, бірақ бәрімізде бірдей
Бұл бәле бәрімізде, жаста да, кәрімізде
Салып ап бір әнімізді, жайлы мекен іздейік
Бұл бәрімізде, жаста да кәрімізде
Бұл бәле бәрімізде, бәрімізде бірдей!
(Мұң, шаттық, қайғы, уақыт, бақыт)
Бәрімізде бірдей!
Кейіпкері көп өмір ойындай,
Бәріне басты рөл дайын
Менде де дәл сендегі уайым:
“Қашан өзімді сомдайм?”
Бөлініп тұратын қатардан
Бәріне керек бір қаһарман
Суық түннен кейін атар таң
Арманыңды сыбырла жатарда
Бұл бәле бәрімізде, жаста да, кәрімізде
Салып ап бір әнімізді, жайлы мекен іздейік
Бұл бәрімізде, жаста да кәрімізде
Бұл бәле бәрімізде, бәрімізде бірдей!
Бұл бәле бәрімізде, жаста да, кәрімізде
Салып ап бір әнімізді, жайлы мекен іздейік
Бұл бәрімізде, жаста да кәрімізде
Бұл бәле бәрімізде, бәрімізде бірдей!