Наурыз & Назымгүл - Балаға тілек

"Балам – балым, баламның баласы – жаным" дейтін қазақ халқы үшін баланың орны бөлек. Кішкентайынан мәпелеп өсіріп, әр қуанышын тойлауға әзір тұратын қазақ халқы нәрестенің болашағы жарқын болуына көп көңіл бөледі. Тұсаукесер, тілашардан бастау алатын мерекелік жиындарда ағайын-туыстарды қонаққа шақырып, дүркіретіп той-думан жасауға дайын. Наурыз және Назымгүл атты әнші қыздар атадан балаға мирас болып келе жатқан тамаша үрдіске арнап, "Балаға тілек" деп ән шырқаған екен. Баланың тәтті қылықтарын көрсете білген клипке назар аударыңыз.