Бұл той-думанға арналған көңілді әрі жаңа ән Мұратжан Марғасқаға тиесілі. Ән мәтінінде толық бақыт формуласы 10 баладан тұратынын білдіреді. Жарына арман-ниетін, оған деген ақ адал сезімін жеткізетін көңілді әнде әнші он баласының болашағын да көріп қойған секілді. Мұның себебін әннен ести аласыздар.