Мұхтар Ханзада - Мен сені жақсы көрем
Жанарың мөлдір ғалам,
Жаным-ау болдың маған,
Армандас, замандас, дәуірлес.
Бақытым бар өміршең,
Не деген жан едің сен,
Сезімдес, жүректес, өмірлес.
Қайырмасы
Мен сені жақсы көрем,
Жаным-ау сенші маған.
Мен саған үйленемін,
Ақ келін көрсін анам.
Содан соң үй соғамыз,
Жиылар көрші-қолаң.
Әлемді аралаймыз,
Басымыз болсын аман.
Айтпақшы бір арманым,
Жолымды жалғайтұғын,
Өзімнен аумайтұғын,
Ұл туып берші маған.
Тамаша тал бойың бар,
Айбының абыройың бар,
Жанымда тұратын дәл айтып.
Сезімді меңгергелі,
Жаныма сен келгелі,
Ертеңге екеу болып қараймын.
Қайырмасы
Мен сені жақсы көрем,
Жаным-ау сенші маған.
Мен саған үйленемін,
Ақ келін көрсін анам.
Содан соң үй соғамыз,
Жиылар көрші-қолаң.
Әлемді аралаймыз,
Басымыз болсын аман.
Айтпақшы бір арманым,
Үйіме асығатын,
Бағымды асыратын,
Қыз туып берші маған.