Мөлдір Бақытжанқызы - Ұнатамын
Кейбір жандар кітапты көп оқып, киноны назардан тыс қалдырмай жүріп қиялшыл болып алады. Ондағы актерлердің өмірі мен кейіпкерлеріне еліктеп, елес қуып кетеді. Ұшқыр ойдың ұшағына мініп алып бірі Францияның төрінде үйленуге ұсыныс білдірсе, енді бірі ең сұлу ханшайымның өзінде болғананын қалайды. Дәл осындай қызықты клипті Мөлдір Бақытжанқызы да түсірген екен. Қолына кітап ұстап, орманның ішінде қиялға берілген жігіт, өзінің ғашық болған қызының "Ұнатамын" деп, соңынан қалмауын қалайды. Барлығы керемет өтіп жатқан көрініс кенеттен бәрі де бос әуре екенін көрсетеді.