Мөлдір Әуелбекова - Туған ел
Өзінің керемет дауысымен көпшілікті таңғалдырып жүрген Мөлдір Әуелбекова тағы бір жаңа бейнебаянын түсірді. "Туған ел" деп аталатын туындының көріністеріне назар аударсаңыз, ырғақты би, түрлі аспапта ойнап жатқан музыканттарды байқайсыз. Мөлдірдің жанкүйерлерінің ішінде бұл дүниені мақтап жатқандары да, даттап жатқандары кездесіп жатыр. Бірі ән патриоттық сарында болғандықтан клип көріністерінің де сондай болуын күтсе, енді бірі аталған туындыдағы әншінің образы ұнамағандығын тілге тиек еткен. Сонымен әншінің жаңа дүниесімен таныс болыңыздар.