Мөлдір Әуелбекова - Баба Түркістан

Түркістаным – бабалардың қалғымайтын көзіндей,
Ардақтысың қара күшке жеңілмеген сезімдей.
Сені танып білмегеннің даңқы биік жанбаған,
Олар ылғи тамырсыздық сырқатынан сорлаған.

Қайырмасы

Фарабиден шуақ көрген,
Иасауиге қуат берген.
Күллі түрік әулетіне астана,
Асыл қала, ғасыр қала,
Жаны мәңгі жас қала.
Түркістаным бабам,
Түркістаным бабам,
Батаңды бер маған.

Талай-талай өр-кеудені ай қондырған төсіне,
Жоқтамады қайсар тарих сақтамады есіне.
Сенің бағаң ғасырынан озып туған ұлдарың.
Сондықтан ғой қалың елге мақтаныш боп тұрғаның.



Бөлісу: