Мирас Жугунусов - Қызғанамын
Жылытады өзің берген жылулық,
Сұлулығың ешкімде жоқ сұлулық.
Бойымда бар, ойымда жоқ қызғаныш,
Ұнамайды неге саған сол қылық?
Кешір енді, бере алмаймын басқаға,
Менікісің, соны ойыңнан тастама!
Өз сүйгенін қызғанбайтын адамның,
Жүрегі тас па?
Сезімі рас па?
Барам сені қызғана,
Қарамашы бұлданып.
Сен қасымда болмасаң,
Мен қаламын, мұңданып.
Жүрегімді ауыртпа!
Қызғанышымнан сен жалықпа.
Қарамашы бұлданып,
Мен қаламын мұңданып.
Сені көріп басқаларды ұмыттым,
Көңілі бал еркелеген қылықтым.
Өзге жанға қия алмай бір өзіңді,
Қызғанышқа көңілімді бұрыппын.
Кешір енді, бере алмаймын басқаға,
Менікісің, соны ойыңнан тастама!
Өз сүйгенін қызғанбайтын адамның,
Жүрегі тас па?
Сезімі рас па?
Барам сені қызғана,
Қарамашы бұлданып.
Сен қасымда болмасаң,
Мен қаламын, мұңданып.
Жүрегімді ауыртпа!
Қызғанышымнан сен жалықпа.
Қарамашы бұлданып,
Мен қаламын мұңданып.