Мирас Жугунусов – Кеш
Сезім лебізі ешкім баспаған,
Сенен сезіліп бастаған.
Жүрсем махаббат cезбей басқадан
Сенің ойыңда басқа адам.
Ойнағым келді басты рөл тағдырыңда
Жүректі алдың құлыптап, салдың мұңға.
Сен сонда мені жалғыз қып қалдырдың ба?
Ойнадың неге тым?
Ең соңғы үмітім.
Қайғырмаймын, өкінбеймін еш,
Сүймесең де енді тым болмаса,
Менi кеш.
Ми жіберсе, жүрек жібермес
Болдың маған неге
Қол жетпейтін бір белес?
Ешкім сынап ол туралы айта алмас,
Қайталанбас мін жоқ ара-қатынас
Бар деп жалғанда,
Дәлелдегім келді 7 миллиард адамға.
Орныңды сенің таңдау жасадым,
Басқа біреумен басамын.
Қайғы мен уайым, одан аса мұң
Мен бұл белестен асамын.
Ойнағым келді басты рөл тағдырыңда
Жүректі алдың құлыптап салдың мұңға
Сен сонда мені жалғыз қып қалдырдың ба?
Ойнадың неге тым?
Ең соңғы үмітім.