Мирас Жугунусов - Uaqyt

Аямайды
Қарамайды
Уақыттың ағысы ешкімді менсініп тыңдамайды
Тоқтамайды
Сақтамайды
Сағаттың тілдері ешкімді қолдап жақтамайды

Қайырмасы:
Мейлі жүгір мейлі қал
Мейлі шарша мейлі тал
Мейлі жарыс мейлі қу
Уақыт үшін бәрі бу
Ұрлап жатыр жастығымның әр сәтін
Сыйлап жатыр бақыт толы қанша күн
Уақыт тәніңді жұлмалап жейді
Сағат тілімен сан тілімдейді
Жел болып қағып
Аяз болып қарып сөйлейді, сөйлейді, сөйлейді
Уақыт жаныңды жұлмалап жейді
Алса алғанын қайтып бермейді
Сәуле боп шағып
Дауыл боп соғып
Сөйлейді, сөйлейді, сөйлейді
Қаланы құлаған құлатпаймын ем
Адамды жылаған жылатпайтын ем
Қолымнан келсе егер
Уақыт сенің тіліңді тоқтататын ем
Кінәсіздің көз жасын жоқтататын ем
Қолымнан келсе егер

Көрінбейді
Білінбейді
Уақыттың бар жоғы біздерге байқалып сезілмейді
Қисаймайды
Түзелмейді
Дәуірі өткенде ғана тек бәрі безілдейді