Сенсіз дара, өмір жаңа мен де бастағам.
Қайғыратын емеспін ғой, енді жас бала.
Есіміңді жүрегімнен жұлып тастағым
Келеді. Бірақ жүрегім сұрады.
Өшіре алмай санамнан мен бейнеңді мүлде.
Айтшы неге, айтшы неге әр күні түнде.
Мен неге сен туралы ойлай берем,
ойлай берем, ойлай берем?
Ай-ай-ай, сұп-сұлусың сондай неге,
Сондай неге, сұп-сұлу?
Бәрін тастап, сезім бастан келеді бастағым.
Сенен басқа сондай сезім береді басқа кім?
Түсінемін біздің көлді өзім ластадым,
Түсінбедім бірақ, менде бар сұрақ.
Айтшы досым, неге махаббат осындай?
Бәрі оны қиындатады, сүйіп тұрып қосылмайды.
Мен де соны түсіне алмай өзімді-өзім алдаймын
Неге қатты қалап тұрып, онымен бірге бола алмаймын?!
Ал мен оны жіберсем де естеліктер жібермейді
Түнде келіп түсімде маған қарап күлімдейді.
Көз алдымнан кетсе де көңілден неге кетпейді,
Құмарлана беремін тек түстер маған жетпейді.
Мен неге сен туралы ойлай берем,
ойлай берем, ойлай берем?
Ай-ай-ай, сұп-сұлусың сондай неге,
Сондай неге, сұп-сұлу?