Қыз жанын түсіну қашан да жігіттер үшін жұмбақ болғаны анық. Олардың нені қалап, нені қаламай тұрғанын білу, математикалық есептерден де қиын екенін ер азаматтар жақсы біледі. Көңілі қаласа күліп, ойнап, барлығына жеңіл қарайтын сұлуларды ашуланғанда, мүлде танымай қаласың. Ұнатқан заттарынан бас тартып, сүйгенімен ұрысуға себеп таппай отырады. Осындай жағдайлардан кейін көп Қозы мен Баянның тағдыры екіге айырылып, жаралы жанның кейіпіне енеді. Ал, ғашығына қайта келіп, ештеңе болмағандай күй кешетін жігіттер қайтадан бақытына қауышады. Себебі сұлуыңыз кеше кет десе, бүгін сіздің қасыңызда болғанын қалайды. Сондықтан бұл қағиданы да ұмытпағайсыздар, жігіттер. Бұл сөзімізге Мейірлан Орынтаевтың орындауындағы Жылама әні дәлел.