Мереке - Қатира

Ұсынылған көріністе ауылға серуендеп келген жігіттердің саяхаты махаббатқа ұласады. "Мереке" есімді әншінің жаңа бейнебаяны көңілді әрі шынайы шыққан. Бір көрген бойжеткенмен танысып, одан әрі жақындасу үшін серілер ауыл тұрғындарының бұйыруымен қандай жұмысты болса да істеуге әзір тұрды. Бірі қолына шелек алып сиыр сауса, енді бірі қар күреп, отын жаруға көшеді. Алайда, ауыл адамы айтқан сұлу мен жігіттердің көңіліндегі қыз екі басқа болып шығады. Бірақ, бұл жолы жігіттер "Қатира" есімді аруды тауып онымен танысып қана қоймай, ән мен клип шығарған.