Марат Омаров және Бибімариям Омарова
Қазіргі таңда "ананың көңілі балада, баланың көңілі далада" деген қанатты сөздің мәні жойылып кеткен секілді. Керісінше әке-шеше ұл-қызының тәрбиесіне, балалық шағына аса мән бермейтін заманға айналды. Сол себепті сазгер Марат Омаров қызы Бибімарияммен бірге «Әкетай-көкетай» атты бейнебаянын жарыққа шығару арқылы көп отбасыға салмақты ой салуды көздеген. Түсіріліп жатқан дүниенің мәні мағыналы, астарлы болғанымен мақамы өте жеңіл, энергетикаға толы әрі позитивті. Рүстем Арслановтың клипмэйкерлік тәжірибиесі арқылы түсірілген.