Мәлік Жамбылұлы - Аягөз қайда барасың?
Жаным маған дарасың,
Құрып сезім қаласын.
Теңеп едім өзіңе –ей
Көздерімнің қарасын.
Болмаса екен қадірлім,
Сезіміме таласың.
Емдейтін сен деп жүрсем,
Жүрегімнің жарасын.
Аягөз, қайда барасың?
Қ-сы:
Аягөзім, қадірлім,
Ақ жүзіңді сағындым.
Бұл жалғанда мен сенің,
Айнымайтын бағыңмын.
Жанарыңнан айналдым,
Дәл өзіңдей лағылдың.
Ардақтайтын Алашын,
Аямайтын бағасын.
Үй болайық екеуміз,
Бағындырған дара шың.
Ата-анамыз жол қылсын,
Екі ауылдың арасын.
Келін болар деп жүрсем,
Мақтан етер анашым.
Аягөз, қайда барасың?