Сиви Махмуди мен Ринат Баситовтың Соқыр махаббат атты туындысы соңғы уақытта көпшілік арасында үлкен пікірталас тудырғаны белгілі. Бірі аталған фильмнің қатты бір әсер бермейтіндігін айтса, енді бір тобы жүректі елжіретер эпизодтары көп екен деп көңілдерін босатып жазып жатыр. Қос әншінің қолынан шыққан киноның саундтрегін еліміздің ерке қызыМақпал Жүнісова орындаған екен. Барасың сен алыстап атты жаңа әуен фильмнің кішкене үзінділерімен көрсетілген. Сонымен қазақ киносының архивіне түскен тағы бір жаңа фильм қалай шыққанына назар аударыңыздар.