Бір күн де сөнбейтін
Жанымды тербейді
Үміт
Таңымды қарсы алам
Ір кеште аңсаған
Күліп
Жолынан жаңылмас
Ешкімге бағынбас
Уақыт
Уақытты санаумен
Күтемін, әр күннен
Бақыт
Қайырмасы:
Бір күні келетін,
Бақытқа сенемін
Сонда мен санаңа,
Сезім боп енемін
Бәрін де жеңемін,
Мен оны білемін
Арманға жетемін
Шөлімді басатын,
Жаңа өмір ашады
Сезім
Жүректі мұздатып,
Сынайды сыздатып
Төзім
Сезімім ертегі,
Әуенін шертеді
Жүрек
Сен маған керексің,
Мен үшін ерексің,
Бөлек