Мадина Сәдуақасова - Мама

Мама, жанарың қандай сенің жып-жылы,
Мама, көзіңе малынғандай күн нұры.
Мама, жанымның мәңгі солмас бір гүлі
Мама, мама өзіңсің күн нұры...

Мама, өзіңе жазылмаған ән бар ма?
Мама, көз ілмей таңды жалғап таңдарға.
Мама, дәл сендей түсінетін жан бар ма?
Мама, мама түсінер жан бар ма?

Қайырмасы:

Жүректен жазылатын ән шырағым,
Жанымды жылытатын жан шуағым.
Мамашым, маматайым, таң шынарым,
Жан шуағым, аяулы анашым...

Мама, мен үшін жан жүрегің езілген,
Мама, өбейін мөлдіреген көзіңнен.
Мама, сарқылмас махаббатты сезінгем,
Мама, мама жүрегі езілген.

Қайырмасы:

Жүректен жазылатын ән шырағым,
Жанымды жылытатын жан шуағым.
Мамашым, маматайым, таң шынарым,
Жан шуағым, аяулы анашым...