Мадина Сәдуақасова, Айқын Төлепберген, Маржан Арапбаева - Наурыз

Кең далаға құлаш сермеп, жаңарған жердің таза ауасымен дем алып, көктемнің алғашқы мерекесін көңілді тойлау, жыл бойы қуат сыйлайтын жақсылықтың нышаны емес пе?! Бұл күнде түрлі ән-мен күй ойналып, мың бұралған бишілер керемет өнерін ортаға салады. Осы бір ұлы күнде ұлтымыздың мақтанышына айнала білген ел эстрадасының жұлдыздары Мадина Сәдуақасова, Айқын Төлепберген және Маржан Арапбаева "Наурыз" деп, ән шырқап жұртшылық көңілін бір көтеріп тастады. Наурыз көженің құрамын кішкентай бүлдіршіндердің көмегімен жинаған тамаша бейнебаян сіздің де көңіліңізден шығары һақ.