Кейде адам баласы өзіне бір жылулық іздеп, ерекше құрметтейтін жандардың жанынан табылғанын қалайды. Оларға ішіндегі сырын айтып, сұхбаттасып сергіп алғаннан кейінгі ой-өрісі де басқаша бола бастайды. Бірақ қазіргі түлкі заманда мұндай жандардың да сиреп бара жатқаны көптің көңілін қынжылтады. Бір саусағын бұғып, орайы келсе орға жығып кететін жандарды маңайынан көрген адамдар барлығын өз ішінде сақтап, өмірлік тәжірибиесімен қорытындылауға көше бастады. Ләззат Оразайдың орындауындағы Ең қымбат адам атты әуен де дәл осы құбылыстың қылын шерткендей. Маңайындағы мыңдаған адамның ішінен өзіне керек асыл жанды іздеген әншінің жаңа бейнебаянын тамашалаңыздар.