Ләззат Әбіш - Бар ма бақыт?
Өмірлік махаббатын тауып, тағдырдың сынағынан сүрінбей қуанышында бірге жүретін екінші жартысын табу – әркімнің-ақ арманы. Алайда бірін-бірі құлай сүйген жандар да арадағы сенімділік пен сезІмнің сөне бастаған уақытында бір-бірінен сырт айналып кетуге де жол беріп жатады. Сондай оқиғаның бірін Ләззат Әбіш атты жас әнші өзінің "Бар ма бақыт?" атты тамаша туындысында көрсете білген екен. Ақбоз ат мінген ханзадасын енді ғана жолықтырдым деп бақыттан басы айналып жүрген сұлу бір мезетте барлығының жалған екенін түсініп, өмірден түңіліп кетеді. Қуанышпен басталып, көңілсіздікке ұласатын тың туындыны тамашалаңыздар.