Ана! Бар болғаны үш әріптен тұратын сөз. Бірақ бұл сөздің астарында ұшан-теңіз ой жатыр. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең аяулы, ең әдемі, ең ардақты, ең сүйкімді, ең сүйікті жан. Олай дейтін себебіміз, ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы.