Қуаныш & Қарлығаш - Сыңарым
Сезімдеріне селкеу түсірмей, бірі от болып, бірі су болып тағдырдың қызығы мен көңіл жабырқатар сәттерінде бір-біріне демеу болып жүрген бақытты жұп қаншама. Әрқашан өз орындарын біліп, сыйластық пен құрметті алдыңғы қатарға қоятын жұбайлар үшін ең қызық кезеңдер отбасы болған кезде басталады. Сонымен қатар ел эстрадасында тамаша әндерімен көзге түсіп жүрген отбасылар да жетерлік. Соның бірі Қуаныш пен Қарлығаш. Бүгінде "Сыңарым" деп тамаша ән шырқап, бейнебаян түсірген екен. Көптің назарын өзіне аударып, жағымды пікірлермен тоғытылған тамаша туынды көрген жанды өзіне бірден баурап алатыны сөзсіз. Сонымен тәтті сезімнің ғажап әнмен жеткізілген клипін тамашалаңыздар.