Қуандық Рахым – Таба нан
Тағдыры ұқсас осы елмен,
Түтіннен бұлттар тарайтын.
Тезектің шоғын көсеу мен,
Табаға сəндеп қалайтын.
Ол кезде мүлде бөлек ек,
Ол кезде мұңда бүтін мұң.
Иісі қандай керемет тезектен шыққан түтіннің.
Дүние түгел балқиды,
Шұғыла шашып таңынан.
Сағыныш иісі аңқитын.
Анамның таба нанынан.
Шаттықта жиі қонатын,
Сөнбейді мəңгі санадан.
Керемет дəмді болатын,
Анашым жапқан таба нан.
Көктемі көркем жазы бақ
Сағынам сол бір таң нұрын тезектен қалған ажырап
Таба нан менің тағдырым
Көктемгі күндей жаңбырсыз
Мұңайым кейде азырақ
Бізде бір бейбақ тағдырмыз,
Ауылдан қалған ажырап.
Дүние түгел балқиды,
Шұғыла шашып таңынан.
Сағыныш иісі аңқитын,
Анамның таба нанынан.
Шаттықта жиі қонатын,
Сөнбейді мəңгі санадан.
Керемет дəмді болатын,
Анашым жапқан таба нан.
Шаттықта жиі қонатын,
Сөнбейді мəңгі санадан.
Керемет дəмді болатын,
Анашым жапқан таба нан.