Соңғы уақытта 90-шы жылдар қайта оралғандай күй орнауда. Көптеген әншілер жаңа бейнебаянын өткен ғасырдың өзекті тақырыптарымен түсіріп жүр. Соның бірі МузАРТ тобының әншісі Кенжебек Жанәбілдің ретро стилде түсірілген бейнебаяны. Қылығың балдай деп аталатын әуезді әннің негізгі сюжеті автобус ішінде өтеді. Еліміздің танымал әзілкеш актерлерінен құралған жолаушылар өз рөлдерін керемет сомдаған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Асқар Жүнісбеков, Ғалымжан Молданазар сынды әншілердің де ретро клиптері жарыққа шыққан болатын.