Кеңес Әлімжан - Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?

Жанымның жыртып ақ шүберегін,
Дертіме дауа тапшы демедім.
Өтірік күліп өмір сүрем де,
Өкініп тұрып жақсы көремін.

Көрінген едің шуақтай маған,
Шөлдесең жаным бұлаққа айналам.
Күйбенің қанша қан жылатса да
Сүйгенін бірақ жылатпайды адам.

Қайырмасы

Мен сені құшқан ұлы түн қайда,
Мұның да ертең күні тумай ма?
Ес-түссіз сүйген есер шағымды,
Ұмыт дейсің бе, ұмыту қайда?

Іңкәр сезімге бөленбей ғалам,
Мұңын шағады өлеңдей маған.
Жұлдыз көрінсе айдың жанынан,
Есіміңді оқып өлердей болам.

Түн мені тағы ойға батырды,
Шығардым жалғыз ойланатынды.
Құдай да шебер ұмытпасын деп,
Аспанға жазып қойған атыңды.

Қайырмасы

Жақсы көрем деп жиі алдайсың ба?
Жан-тәніңменен сүйе алмайсың ба?
Менің жүрегім кешірімді ғой,
Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?