Қайрат Түнтеков - Ұшқан бағым

"Super Stars" жобасының жеңімпазы Қайрат Түнтеков осыдан біраз жыл бұрын келеңсіз оқиғаға тап болып, ел эстрадасынан уақытша қол үзген болатын. Басынан талай жағдайды өткерген әнші өзінің жаңа идеяларымен және жаңа әндерімен сахнаға қайта оралды. Тыңнан қуат алып, ерекше серпінмен келген әнші "Ұшқан бағым" атты тамаша туындысын жұртшылық назарына ұсынды. Психикалық ауруға шалдыққан жанның рөлін сомдаған Қайрат Түнтеков өз образын айтарлықтай жақсы алып шыққан екен. Американы әуенімен баурағанды мақсатына қойған жігіттің жаңа жұмысын тамашалаңыздар.